Түркістандық спортшы жамбы атудан 2 алтын, 2 қола медальмен оралды. Ол Моңғолияда өткен ат үстіндегі садақ ату сайысына қатысқан. Онда жаһанның 22 мемлекетінен келген 110-ға жуық мерген бақ сынаған. 4 стиль бойынша өткен сайыстан жерлесіміз 4 жүлдені қанжығасына байлаған. Чемпионды Шымкент темір жолы вокзалынан жанкүйерлері зор құрметпен қарсы алды.