Түркістан
EN

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға жұмыс сапарымен барды

84
14.09.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға жұмыс сапарымен барды. «Кохи Сомон» мемлекеттік резиденциясында Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды. Екі ел басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растап, келіссөз жүргізді. Сонымен қатар президенттер өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды. Сапар аясында Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 5-ші консультативтік кездесуіне қатысты. Онда мемлекет басшысы өз баяндамасында «Бізге бауырлас мемлекеттермен бірлесіп, өңір ішіндегі сауда-саттыққа кедергі келтіретін «осал тұстарды» реттеу үшін көлік және логистика инфрақұрылымын дамыту жұмысын жалғастыру өте маңызды» деп атап өтті.