Түркістан
EN

Халық қаһарманы Түркістанға келді

203
14.09.2023

Әскерге бару – міндет, абырой, ерлік. Түркістанға келген халық қаһарманы Қайрат Үмбетов осындай пікір білдірді. Айта кетсем, Ұлттық ұлан ақпараттық насихаттау тобы Оңтүстік өңірлерге сапарын бастады. Мамыр айынан басталған бұл іс-сапар бүгінде Түркістан қаласына келді. Мақсаты – жас азаматтарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Одан бөлек отан алдыңдағы борышын өтеуге шақыру. Мәдени-танымдық шара аясында ән-би ансамблінің әртістері патриоттық әндер шырқап, дәстүрлі би өнерін насихаттайды. Әскери оркестр 50 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Қазіргі таңда ансамблде 100-ден астам адам жұмыс істейді. Барлық күштік құрылымның өкілдері қатысатын «Ұлттық ұлан – ұлт рухы» атты концерт қаламызда ертең өтеді.