Түркістан
EN

Мақтааралда 15 млн. жымқырған алаяқ ұсталды

62
29.09.2021

Мақтаарал ауданының полицейлері халықтан 15 миллион теңгеге жуық қаражат жымқырған бойжеткенді анықтады. Жәбірленушінің сөзіне сенсек «Ватсап» әлеуметтік желісі арқылы белгісіз азаматша ақша берсең, көбейтіп беремін деп 350 000 теңге ақша алған. Алайда арадан біршама уақыт өткенде телефонын көтермей, байланысқа шықпай қойған. Сақшылар  күдіктіні құрықтау үшін жәбірленушілер ақша аударған банк көмегіне жүгінген. Оның бұған дейін одан өзге 20 тұрғыннан алаяқтықпен ақша алғаны анықталған.