Биыл Түркістан облысына келушілер мен туристердің саны артқан. Дәлірек айтсақ, жыл басынан бері 8 айда Түркістан қаласына 520 мыңға жуық адам келген. Оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда 115 мың адам демалған. Ал былтыр көне шаһарға 75 мыңдай адам келген болатын. Түркістан өңірінде туризмді дамыту мәселелері талқыланған мәжілісте облыс әкімі Дархан Сатыбалды бұл салада жұмыстарды күшейтуді тапсырды.