Түркістан
EN

Депутаттар Түркістан облысына байланысты біршама сауал жолдады

146
13.09.2023

Түркістан облысында стратегиялық маңызы бар Сырдария өзенінің  жағалауында заңсыз карьер қазатындарға тосқауыл болмай тұр. Құрығы ұзындар оның құмын қазып, жан-жақты шұңқырға айналдырған. Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиевтің сөзінше, Сырдария мен Арыс өзендері жағалауларында 70 гектарға дейін қазылған жерлер бар. Қазба жұмыстары осы қарқында жалғасатын болса су құмға сіңіп, жақын болашақта сусыз қалу қаупі бар. Сондықтан депутат анықталған заң бұзушыларға қатаң прокурорлық шаралар қолдануды талап етті.