Бүгін Үкімет отырысында IT-саланы дамытуға бағытталған жаңа міндеттерді іске асыру мәселелері қаралды. Министр Бағдат Мусин бұл салаға қызығушылық танытқан студенттер саны артқанын айтты. Сондай-ақ енді қазақстандықтар TechOrda бағдарламасымен ваучерлік жүйе бойынша жеке меншік IT-мектептерде оқуға мүмкіндік алғанын жеткізді.Одан бөлек, отырыста Премьер-Министр Әлихан Смайылов еліміздің әр өңірінде ІТ мектептер салынуы керек деп тапсырды.