Түркістан облысында жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл облысқа 236 мыңға жуық тонна көмір жеткізілген. Қазіргі таңда сақтау қоймаларында 140 мың тонна көмір қоры бар. Мысалы, Арыс қаласында екі қоймада 19 800 тонна көмір бар болса, Сайрам ауданында орналасқан 1 қоймада – 7 900 тонна, Сарыағаш ауданында 4 қоймада – 49 317 тонна көмір бар. Айта кету керек, Сарыағаш ауданындағы қоймадан Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Келес аудандарының тұрғындары көмір ала алады. Коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалдаумен облыста 16 өңірлік оператор айналысады. Мамандар ертең күн ыз етсе, көмір алуға кезек көбейіп, алып-сатар делдалдар бағаны көтеріп жіберуі мүмкін дейді. Сондықтан қыста жағатын отын-суын жұрт осы бастан қамдануы қажеттігін айтады.