Түркияда өткен өрт сөндіру құтқару спортынан 9-шы әлем чемпионатынан Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінде жұмыс істейтін бойжеткен екінші орынға ие болды. 33 метрге 7 секундта жүгіріп екінші қабатқа көтерілген спортшының шапшаңдығы көпшілікті тәнті етті. Бауырлас елде ел мерейін үстем еткен саңлақпен әріптесім тілдесіп қайтқан болатын.