Түркістан облысында алаяқтық қылмыстар саны төмендеп келеді. Осыған қатысты былтыр өңірде 1570 құқық бұзушылық тіркелсе, биылғы жылы ол 988-ге түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға аз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері облыс аймағында алаяқтықтың 7 түрі кең тарағанын айтады. Басым бөлігі – интернет арқылы іске асады. Мәселен, мамандар жүргізген талдаудың нәтижесінде бір ғана Whatsapp желісі арқылы 200-ге жуық қылмыс анықталып, күмән тудырған 20 сайт бұғатталыпты. Айласын асырғысы келген пысықайлардың құрығына жұмыссыздар мен әйел адамдар жиі түсетін көрінеді.