Бас прокуратураның деректері бойынша қазір елімізде 11 мыңға жуық адам іздестіріліп жатыр. Олардың 2176-сы – хабар-ошарсыз жоғалғандар. Іс-түссіз кеткен адамдардың көбі Алматы мен Қарағанды облыстарынан тіркелген. Басым бөлігі 30 бен 49 жас аралығындағы ер адамдар. Бүгінде үйден кетіп, оралмаған – 1634 адам, автокөлікпен жоғалған – 74, жұмыстан кетіп оралмағандар саны – 36. Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2372 адам іздестіріліп жатыр. Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асырады.