Түркістан қаласында мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған мекеме 20 баланы қабылдауға қауқарлы. Жобаны жүзеге асыруға мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен 21,3 млн.теңге бөлініпті. Ондағы барлық қызмет түрі тегін көрсетіледі екен. Орталықтың мүмкіндіктері мен ерекшілігі жайлы тілші репортажынан көріңіз.