«Малым – жанымның садағасы» деген қазақтың сөзі, тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малмен тікелей байланысты болғанына тікелей дәлел. Дархан даланың төсінде емін-еркін жайлаған қора-қора қой, үйір-үйір жылқысын сақтап қалған ауылдар баршылық. Солардың бірі - Түркістан облысы Сауран ауданындағы Оранғай ауылы. Онда төрт түліктің жайы қалай, оларды кімдер күтіп баптап жатыр? Әріптесіміз тарқатсын.