Түркістан
EN

«Ұлы дала жорығы»: бесінші күннің қорытындысы шықты

74
11.09.2023

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің шабандоздары 5 күнде 450 шақырым жүріп өтті.  Бәйгенің бесінші кезеңінде 15 команда Ұлытау облысы Айдар қыстағынан Алаша хан кесенесіне жетті. Қорытынды бойынша, Ақтөбе облысының командасы жеңімпаз атанды. Бұл жолы да Маңғыстау облысының «Көкмойнақ» командасы мәре сызығына екінші болып келсе, алматылық шабандоздар үздік үштікке енді. Өкінішке қарай, атының жарақат алуына байланысты Павлодар облысы жарыстан шықты. Жалпы Алаша хан кесенесінде түнеген 14 команда бүгін тағы 50 шақырымды еңсеру үшін Қорғанбай ауылына аттанады. Түскі астан соң Қорғанбайдан Талап ауылына дейінгі 6-кезеңнің кезекті 50 шақырымын бағындыруы тиіс. Сонымен командалар алдында 550-інші шақырымды еңсеру міндеті тұр.