Түркістан
EN

Моноқалаларды дамытуға 1,7 трлн. теңге жұмсалады

61
11.09.2023

Елімізде 10 моноқаланы дамытуға 1,7 трлн теңге жұмсалады. Үкімет Жаңатас, Қаратау және Риддер бойынша 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекітті. Оның аясында денсаулық сақтау, білім беру, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіптік кешен сынды бірқатар маңызды бағыт бойынша нақты жұмыс жүргізіледі. Бұған дейін Алтай, Арқалық, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, Серебрянск және Степногорск бойынша тиісті құжат қабылданған еді. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы моноқалаларға қатысты мемлекеттік саясатты қайта қарау, олардың одан әрі дамуына және ең бастысы, онда тұратын азаматтарға қолдау көрсетуді тапсырған болатын.