Түркістан
EN

«Ұлы дала жорығы»: ІІ кезеңде Маңғыстау облысының командасы жеңіске жетті

134
08.09.2023

«Ұлы дала жорығы» бәйгесінің ІІ кезеңнің қорытындысы анықталды. Бұл кезеңде Маңғыстау облысының командасы діттеген жерге бірінші болып келді. Шабандоздар Қорғалжын ауданындағы Нұра өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан Бытығай кесенесіне жетті.  Осылайша, шабандоздар екі күн ішінде 150 шақырым жүріп өтті. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша Қостанай облысының шабандоздары екінші болса, жетісулықтар үшінші келді. Ал Шымкент қаласының, ШҚО және БҚО командаларының бір-бір жылқысы жарыс жолынан шығып қалды. Еске салсақ, соңғы меже – Түркістан қаласына дейін. Бірінші болып жеткен команда мүшелері 30 млн. теңге көлеміндегі жүлдемен марапатталады.