Қазақстанның қауын-қарбызы Еуропада зор сұранысқа ие. Әсіресе, қауындар қолдан-қолға тимей жатса керек. Бұл қызықты деректермен Мемлекеттік кірістер комитеті бөлісті. Дәлірек айтсақ, соңғы екі жыл ішінде Латвияға - 2,6 мың тонна, Украинаға - 2,2 мың тонна, Германияға - 741,2 тонна, Польшаға - 114,6 тонна экспортталған. Одан бөлек, Қазақстанның қауыны Әзірбайжан, Молдова, Өзбекстан, Моңғолия, Эстония сияқты елдерге де жеткізілген.