Көкшетау мен Қостанай қалаларында қар жауды. Алайда тұрғындар үшін алғашқы қардың қызығынан гөрі әбігері басым болды. Жазғы дөңгелектермен жүрген көліктер тайғанақтап, қозғалыс қиындады. Синоптиктер бүгін де еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстік аймақтарда қар жаууы мүмкін екенін айтады. Жел күшейеді. Фронтальды бөліктердің әсерінен батыс пен солтүстікте жауын-шашын болады. Солтүстік-батыста қар жауады деп күтілуе. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады, оңтүстік пен батыста найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетеді.