Түркістан
EN

Елімізде 65 мыңға жуық адам өзін банкрот деп тануға өтініш берген

91
07.09.2023

Елімізде 65 мыңға жуық адам өзін банкрот деп тануға өтініш берген. Ал мұндай статусқа күнделікті 150 азаматтан өтініш түсіп отырады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Оның айтуынша, «Банкроттық заң» күшіне енгелі 377 адам банкрот деп танылды. Бұл статусқа ілігетіндер саны 10 мыңға дейін жетуі мүмкін. Айта кетсек, аталмыш заң 3 наурыздан бастап күшіне енген.