Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Албания Президенті Байрам Бегайды қарсы алды. Мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында Құрмет қарауылы сап түзеп, Президенттік оркестр екі елдің Әнұрандарын орындады. Сапар аясында екі ел басшылары ертең сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады.