Қазақстанда 1 миллионнан астам адам медициналық сақтандыру жарнасын төлей алмайды. Оларға мемлекет көмектесуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді. Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда 3 миллионнан астам адам медициналық сақтандыру қорына жарна төлемейді. Олардың ішінде 1 миллионға жуығы шынымен де өздері қорға жарна төлей алмай жүр. Сондықтан медициналық сақтандыру жарнасын субсидиялау немесе басқа да шаралар арқылы көмек көрсету механизмі қаралып жатыр. Айта кетерлік жайт, медициналық сақтандыру қорына жарна төлемейтін адамдар алқашқы медициналық көмекті тегін шақыра алады. Ал қымбат операция үшін медициналық сақтандыру жарнасы төленуі шарт.