Жаңадан құрылған бес министрлік бір айдың ішінде толық бөлінеді. Ал оларға бюджеттен қанша теңге жұмсалады? Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, айтарлықтай шығын болмайды. Себебі, тараған ведомствалар бюджетті өзара бөліп алады. Оның үстіне олар ескі ғимаратында қалады.