Түркістан
EN

Үй салу немесе сатып алуыңыз үшін мемлекет 4 млн. теңге береді

166
06.09.2023

Үй салу немесе сатып алуыңыз үшін мемлекет 4 млн. теңге береді. Әрине баршаға емес. Тек халық тығыз орналасқан оңтүстіктен теріскейге көшіп барсаңыз ғана. Сондай-ақ, 241 мың теңге біржолғы төлем алып, белгілі уақытқа коммуналдық төлемдерден босатыласыз. Бұл туралы бүгін Түркістан облысына маңызды миссиямен арнайы келген Павлодар облысының Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Қайыржанұлы хабарлады. Оның айтуынша, көпшіліктің орыс тілін білмеймін деп тартынып, теріскейге барудан бас тартуына еш негіз жоқ.