Түркістан
EN

Ұлы дала жорығы: Шабандоздар Астанадан Түркістанға жол тартты

98
06.09.2023

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші маусымы басталды. 1300 шақырымдық бәйгенің бағыты Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын қамтиды. Марафон 19 қыркүйекте Түркістанда аяқталады. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 19 команда бүгін Қаражар ауылында жарысты бастайды. Қатысушылар саны 100-ге жуық. Олардың әрқайсында екі тұлпардан болады. Жалпы марафон 14 кезеңге бөлінген. Бірінші және соңғы күні 50 шақырым, қалған күндері 100 шақырымнан жүріп отырады. Жүлде қоры 65 миллион теңге. Жеңімпаз команда 30 миллион теңге, екінші орын 20 миллион теңге, ал қола жүлдегерлерге 15 миллион теңгеден бұйырады.  Былтыр бірінші орынды Маңғыстау облысының «Көкмойнақ» командасы еншілесе, екінші орынға Жетісу облысының «Жетісу» командасы ие болды. Ал үшінші орынды Түркістан облысының «Теріскей» командасы жеңіп алған еді. Дүбірлі дода биыл былтырғыдан да тартысты өтеді деген болжам бар.