Түркістан
EN

Түркияда қазақ кәсіпкері зауыт ашты

64
06.09.2023

Анкараның Полатлы ауданында Түркия тәуелсіздігінің 100 жылдық мерейтойына орай, осы елдегі алғашқы, әрі ең ірі литиум батареяларын өндіретін зауыт ашылды. Өндіріс ошағының ашылу салтанатына Түркияның вице-президенті, министрлер мен депутаттар қатысты. Жаңа зауыт күн мен жел энергиясынан алынған қуатты жинақтайтын түрлі батареялар шығарады. Осы алып өндіріс орнына қажетті заманауи технологияға негізделген құрал жабдықтарды өзіміздің қазақ азаматы басқаратын компания орнатқан.