«Ақ алтын» елімізде кәдеге жарататын күн жақын. Қытайлық инвесторлармен бірге жеңіл өнеркәсіп саласында иірілген жіп, мата және кілем өндірісімен тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі бар. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Шаньдун провинциясынан келген делегация кездесуінде айтылды. Шаньдун Қытайдың барлық аймақтары арасында Қазақстанның үшінші сауда серіктесі. Аталған провинция мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы жыл басынан бері 1 млрд долларды құрады. Облыс әкімі қытайлық компаниялардың бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.