Түркістан облыстық мәлихатының төрағасы Нұралы Әбішов бастаған халық қалаулары "TURKISTAN" телеарнасында болып, медиа холдинг тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл - облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әлмаханұлының жеке бастамасы. Алдағы уақытта Түркістан облысындағы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен телеарнамызда бірлескен жаңа тележобаны іске асыру жоспарлануда. Жалпы облыстық мәслихат депутаттары рухани шаһардағы ірі мекемелер мен кәсіпорындарды аралап, жұмыс барысын бағдарлауды алдағы уақытта да жалғастырмақ.