«Кей өңірлердегі ауыл шаруашылығы саласында судың 40 пайызы босқа ысырап болып жатыр». Өзінің биылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Мемлекет басшысы осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев ол үшін ең алдымен, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу керектігін айтты. Бұл мақсатта еліміз бойынша 20 жаңа бөген салынып, кемінде 15 су қоймасы күрделі жөндеуден өтуі қажет. Сондай-ақ, 3500 шақырымдық каналды жаңғыртып, цифрлық тәсілмен бақылауға алу керек,- деді Президент. Бұл ойды еліміздің ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары да мақұлдап отыр.