Түркістан
EN

«Қазақстан» шахтасында болған апат бойынша тергеу жалғасып жатыр

69
04.09.2023

Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында 5 адамның өмірін қиған өрт оқиғасын тергеу жұмыстары тағы 10 күнге ұзартылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова мәлім етті. Айтуынша, қазір шахтаның апаттық учаскесінде 27 құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Қосымша көмекке 14 кенші жұмылдырылған. Сондай-ақ 9 бөгет тұрғызылды. Оның үшеуінің құрылысы бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Айта кетейік, 17 тамызда Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік Қоғамына тиесілі «Қазақстан» шахтасында апат болып, 5 кенші көз жұмған еді. Қазір шахтадағы жұмыс толығымен тоқтап тұр. Ал кәсіпорынның 600-дей жұмысшысы басқа шахталарға ауыстырылған.