Жаңа оқу жылы басталғалы Түркістан облысында 14 жекеменшік мектеп пайдалануға беріліп, 5 мыңнан аса оқушыға өз есігін айқара ашты. Нәтижесінде облыстағы жекеменшік мектептер саны 110-ға жетті. Айта кетсек, соңғы жылдары Үкімет тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жекеменшік мектептер санын көбейтуге көп көңіл бөлінуде. Мұндағы мақсат-мемлекеттік бюджет жүктемесін азайтып, апатты және үш ауысымдық мектептердің санын азайту. Ал жекеменшік мектептің мемлекеттік білім ұяларынан айырмашылығы қандай? Бағасы қаншалықты қолжетімді? Тілші материалынан көрейік.