28 спортшымыз әлем үздігі атанды. Алматыда өткен армрестлингтен 44-ші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Шардаралық алып күш иелері 28 алтын алқа, 10 күміс, 5 қола медаль иемденді. Осылайша өңір спортшылары жалпы командалық есепте оқ бойы оза шапты. Ал, жеңіс туын желбіреткендерді өңір тұрғындары құшақ жая қарсы алды. “Шардара Аrmsport” клубының негізін қалаған, Шардара аудандық мәслихат төрағасы Арман Қарсыбаев спортшыларды жеңістерімен құттықтап, жеңімпаздарды алғыс хатымен және қаржылай сыйақымен марапаттап құрмет көрсетті.