Қазақстан Президенті Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Мұстафа Шентопты қабылдады. Жиында Түркітілдес мемлекеттердің қарым-қатынысы сөз болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде құбылмалы жағдай қалыптасса да, түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастығының өте маңызды екенін атап өтті. Түркияның халықаралық аренадағы беделінің артып келе жатқанына тоқталып, бауырлас елдің жетістігіне қуанатынын жеткізді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың болашағын жоғары бағалады.