Елімізде «Қарызсыз қоғам» жобасы тиімді жүзеге асып келеді. Бұл жоба, әсіресе жаңадан кәсіп бастаушы азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға зор септігін тигізбек. Түркістан облысында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында кәсіп бастаған азаматтар арнайы курстан өтіп жатыр. Экономист мамандар шаруаларға 1 апта көлемінде қаржылық сауаттылық туралы сабақ өткізеді.