Үкімет құрамында Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметтерін қатар алып жүрген Серік Жұманғарин министрліктің тізгінін тапсырғанымен, вице-премьерлік қызметін сақтап қалды. Ал Сауда және интеграция министрлінің тізгінін Арман Шаққалиев алды. Үкімет басшысының тағы бір орынбасары Тамара Дүйсенова да осындай ауыс-түйістен өтті. Нақты айтсақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымын тапсырып, вице-премьер лауазымында қалды. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Светлана Жақыпова басшы болып барды. Президент Әкімшілігі басшысының тағы бір орынбасары болған Аида Балаев Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды. Мәдениет және спорт министрлігінен жеке енші алып шыққан Турзим және спорт министрлігіне Ермек Маржықпаев жетекшілік етеді. Ал жаңадан құрылған Көлік министрлігін Марат Қарабаев басқаратын болды.