Бүгін дүңгіршіктер маңы таң атысымен оқушыларға толды. Бәрінің қолында бір-бір құшақ гүл. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер мұны өзіне парыз санайды. Сондықтан Білім қарсаңында Түркістанда гүл қымбаттады ма? Осыны білмекке біз де ұзын-сонар кезекті бұзып-жарып гүл сататын дүкендерде ұмтылдық. Сатушылар бұл күні тіпті түні бойы жұмыс істегендерін айтады. Бір жақсысы, мереке қарсаңында гүлге сұраныс артқанымен бағасы қымбаттамаған. Ең көп сатылатын раушан гүлдерінің бағасы 700 теңге. Хризантема болса, бұрынғыша 1500 теңгеге сатылып жатыр.