Түркістан
EN

1-сынып оқушыларының 70 пайызы қазақ тілінде оқуды таңдады

80
01.09.2023

Мектепке алғаш баратын оқушылардың 70%-ға жуығы мемлекеттік тілде білім алуды таңдады. Жаңа 2023-2024 оқу жылында еліміздің мектептерінде 3,9 миллион оқушы білім алады. Оның ішінде 364 мың бала бірінші сыныпқа қабылданды. Бірінші сынып оқушылар әсіресе Түркістан мен Алматы облыстарында көп. Сондай-ақ, балалардың мемлекеттік тілде білім алуы бойынша Шымкент қаласы, Түркістан және Алматы облыстары көш бастап тұр. Елімізде жаңа оқу жылында 188 900 оқушысы 11-сыныпта оқиды. Бұл түлектердің рекордтық саны. Айта кетерлігі, Қазақстанда 7,7 мың орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Мектептерде сапалы дайындық пен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, сынып-кешендерін қалыптастыру қолға алынып жатыр.