Түркістан
EN

Түркістан облысында 51 мыңнан астам оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

191
01.09.2023

Түркістан облысында 51 мыңнан астам оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Мәселен, Түркістан қаласындағы "Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы" биыл 248 бүлдіршінді 1 сыныпқа қабылдады. Аймақтағы үздік мектептердің бірі саналатын оқу ордасында алдағы оқу жылы барлығы 3652 оқушы білім алмақ. Бүгін олар үшін алғашқы қоңырау соғылып, білім әлеміне саяхат басталды.