Жер бетін жайлаған мына сіз бен біз секілді адамдар күніне қанша миллион қоқыс тастайтынын бір сәт ойлап көріңізші. Алайда жоқтан бар жасай алсақ, тіпті қоқыс екеш қоқыстың өзін бір кәдеге жаратуға болады. Солардың бірі - Түркістан қаласына небәрі 8 ай бұрын ғана көшіп келген тұрғын. Ол 12 қабатты үйді өзі тұратын 4-ші қабатына дейін гүлмен көмкеріп, ерекше безендіріп тастаған. Көздің жауын алатын баспанаға әріптесім Балым Әлішер де барып қайтқан еді.