Облыс орталығында Қытай Халық Республикасы мен Түркістан облысы тауар өндірушілерінің бірлескен көрмесі өтті. Түркістан облысы әкімдігінің ұйытқы болуымен өтіп жатқан көрменің басты мақсаты - аймаққа инвестиция тартып, жергілікті өнімдерді экспортқа шығару. Оған жалпы саны 60-қа жуық тауар өндірушінің өнімдері қойылды. Атап айтқанда, онда киім, аяқ киім, ыдыстар, текстиль өнімдері, электр машиналары және тағы басқа Түркістан облысы бойынша тамақ, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, қолөнер шеберлерінің туындылары қойылды. Бүгінгі өтіп жатқан көрме қазақ-қытай кәсіпкерлері арасында сапалы нәтижелер береді. Одан өзге, көрме аясында екіжақты байланысты дамытып, бірлескен жобалар ашып, тәжірибемен бөлісу бойынша меморандумдарға қол қойылмақ.