Түркістан
EN

Әлемдік су тапшылығы 40%-ға жетуі мүмкін

158
27.09.2021

2030 жылға қарай әлемдік су тапшылығы 40% жетуі мүмкін. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен ұлттар ұйымының Азық-түлік жүйелері жөніндегі саммитінде осылай деді. Мемлекет басшысы азық-түлік нарығындағы қауіп қатерлер жайлы да сөз етті. Еліміз бидай мен ұн өндіруші ірі мемлекеттердің ондығына кіреді. Жылына 7 миллион тоннаға дейін бидай экспорттап отыр. Дегенмен, азық-түлік жүйесі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан тұрақты болуы тиіс.