Түркістан облысындағы кір-қоңның суы табиғатты ластап жатқан моншалар көбейген. Жайылымға жеткен сабынды су малға, қоршаған ортаға және егістік алқаптарға зиян келтіруде. Бизнес өкілдеріне экологтар ескерту жасап, сүзгі орнатуды жүктеген. Алайда нәтиже жоқ. Сондықтан облыс әкімінің тапсырмасымен жұмыс тобы құрылды. Талап бір - қоғамдық моншалардың қожайындары кәріз жүйелерін ретке келтірулері керек. Дархан Сатыбалды жыл соңына дейін барлық моншаларды заң талаптарына сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізуді жүктеді. Және моншадан шыққан сарқынды сулардың көлеміне қарай модульді тазартқыш қондырғылары орнатылуы тиіс.