Шымкент қаласында темірді балқытып, одан мұражай жәдігерлерін жасайтын шебер тұрады. Ол тіпті Ахмет Ясауидің мөрін арнайы тапсырыспен жасаған. Одан бөлек, темірден қазақтың орта ғасырда қолданған бұйымдарын түйген. Шебердің металдан жасаған өнер туындыларымен тілшіміз танысып қайтқан болатын.