Түркістан
EN

Шардараның балығын баклан жеп жатыр

68
28.08.2023

Шардара балығы бакланға жем болып жатыр. Баклан, яғни су құзғысы күніне 2-3 келі балық жейтін құс. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен кездесуінде аудан тұрғыны осы мәселеге биліктің назар аударуын сұрады. Өңір басшысы жағдайға байланысты өңірлік балық инспекциясымен бірге зерттеу жүргізіп, ұсыныс беруді жүктеді. Айта кетейік, Түркістан облысында 2021-2030 жылдарға арналған «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» бекітілген. Бағдарламаға сәйкес, тауарлы балық өсіру көлемін 10 мың тоннаға жеткізу жоспарланған. Ал, акваөсіру бойынша биыл жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлініп, бүгінде 31 шаруашылыққа субсидия берілді. Аймақта тауарлы балық өсірумен 154 кәсіпкер айналысады.