Түркістан
EN

Шымкентте әр аудан су басу қаупін алдын алуда

222
28.08.2023

Шымкентте нөсерлі жаңбырмен бірге ірі бұршақ жауды. Кеше кешкісін қалада ауа райы күрт бұзылып, ауа температурасы +24 градустан +14 градусқа дейін төмендеп кеткен. Қатты жел күшейіп, бұршақ аралас жаңбыр жауып тұрғындарды әбігерге салған. Одан қорғанған қала тұрғындары ғимараттар мен аялдамаларды паналаған. Қазір жаңбыр салдарынан су басқан аймақтар арнайы техникалармен тазартылды. Жалпы мегаполисте 8 мекенжай бойынша су шығару жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 367 м3 су шығарылған. Ал, төтеншеліктер алда болуы ықтимал нөсерге техникалары дайын екендігін жеткізді.