Түркістан
EN

Түркістан өнімдері - Астанада

218
26.08.2023

Қыркүйек айының 2-3-і күндері Астана қаласында дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Түркістан облысының тауар өндірушілері қатысады. Өңірден онда 550 тоннадан астам көкөніс, бақша, жеміс-жидек, ет, сүт, балық, құс өнімі және жергілікті  қайта өңдеу өнімдері жеткізіледі. Жәрмеңкенің ерекшелігі - өнімдер нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан бағада ұсынылады. Елімізде жалпы Түркістан облысының ауыл шаруашылық өнімдерінің алар орны ерекше. Себебі, ауыл шаруашылық өнімінің 13%-ы біздің аймақтан шығады. Сондықтан да жәрмеңкені алғашқы боп Түркістан бастайды.