Түркістан
EN

Англияда жұмыс істейтін келіншек

259
25.08.2023

«Айына миллион тапқанымызбен, контейнерде тұрамыз». Англияның Кент графтығында жұмыс істейтін келіншек тұрмыстың кейбір қиындықтарын да айтып берді. Бұған дейін айтқанымыздай, «Тұманды Альбионда» табыс тауып жүрген Мираж Ойшиева жылыжайда жұмыс істеп әрі білім алады. Елде заңгер болып еңбек еткен жерлесіміз ағылшын мен түрік тілдерін жетік меңгерген. Сол себепті шетелдіктермен тілдесу қиындық тудырмағанын айтады. Алайда ол жақта қара жұмыс істеудің де өзіндік ауыртпашылықтары бар көрінеді. Ол туралы жерлісіміз тілшілерімізге алдын-ала берген сұқбатында айтты.