Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында білім саласындағы өзекті 20 тақырыптық бағыт бойынша еліміздің әрбір өңірінде республикалық тамыз кеңесін өткізу жоспарланған. Осыған орай бүгін Түркістан қаласында білім беру саласы қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында республикалық тамыз кеңесі өтіп жатыр. Онда нақты қандай мәселелер қозғалуда? Дәл қазір арнамыздың тілшісі тікелей байланысқа шыққалы тұр. Ақдариға, жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болмақ?