Түркістан
EN

2000-нан астам жас әскерге шақырылады

130
24.08.2023

Отан алдындағы өз борышын өтеу – әр азаматтың борышы. Қазір елімізде күзгі әскерге шақыру науқанына дайындық жүріп жатыр. Түркістан облысында азаматтарды әскер қатарына шақырту тамыз айында басталып кетті. Биылдан бастап 18-27 жас аралығындағы азаматтар кейінге қалдырылмайды. Жалпы бүгінде әскерге оқу орнын бітірген жасы 27-ге толмаған және белгіленген мерзімде әскери қызметін өтемеген азаматтар жіберіледі. Түркістан облысында биыл шамамен 5 мыңға жуық азамат әскери борышын өтеуге шақырылады.