Түркістан облысында мәдениет саласының қызметкерлеріне арналған 100 жұмыс орны ашылды. Мақсат - «Конгресс Холл» көпсалалы кешеніне түрлі бағыттағы өнер ұжымдарын тарту. Атап айтқанда, хореографиялық би ұжымы, этнофольклорлық ансамбль, классикалық, эстрадалық, дәстүрлі, заманауи бағыттағы әншілер тобы және балалар қуыршақ театрына мамандар қабылдануда. Өнерпаздарға жаңа мүмкіндік ретінде бос жұмыс орындарына кастинг жарияланып, алғашқы байқау 14 тамыз күні өткізілді. Оған Қазақстанның әр өңірінен 40-қа жуық түрлі өнер майталманы мен жас мамандар қатысты.