Түркістан
EN

Конституция күніне арналған мерекелік шаралар басталды

182
24.08.2023

Биыл Ата заңға 28 жыл толады. Еліміздің Ата заңын ардақтап, құрметтеу баршамыздың парызымыз. Түркістанда Конституция күнін тойлауға арналған мерекелік шаралар басталып кетті. Мерейлі мейрамға арналған концерттік бағдарлама қаладағы Рәміздер алаңында өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары әуезді ән мен мың бұралған бишілердің өнерін тамашалады. Ал, актерлер арнайы патриоттық қойылым қойып, халықтың рухын көтерді.